» » Назарбаев әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

Назарбаев әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев. Кадр khabar.kz

18 қаңтарда Нью-Йоркта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын ашып берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерін ядролық қарудан бас тартуға шақырды деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алқалы жиында елбасы "егер әлем елдері ядролық қаруға қатысты келіссөз өткізуді қаласа Қазақстан оларға алаң ұсынуға дайын" екенін мәлімдеді.

"Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы тәуелсіздігін нығайтып, әлем алдында бедел жинады. Әлем елдерін бізден үлгі алуға шақырамын. Кезінде Иранды [ядролық қарудан бас тартуға] шақырдық. Енді Солтүстік Кореяны шақырамыз", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар президент кеңес барысында қазір ғылыми жетістіктерді қару жасауға қолдану әлемге қауіп төндіріп тұрғанын, ғарыш әлемін әскери алаңға айналдырудың алдын-алу керектігін де айтты.
Айта кетейік, Қазақстан қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді.



nur.kz
19 қаңтар 2018 ж. 1 181 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031