» » Түркияда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Түркияда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Биыл 24 маусымда Түркияда кезектен тыс президент және парламент сайлауы өтеді. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Режеп Ердоған: “Түркия тез арада президенттік басқару жүйесіне өтуі керек. Ескі басқару жүйесі жұмыс істеуге кесірін тигізеді. Сондықтан елде уақытынан бұрын сайлау өткізу қажет,” – деді.
Бұл шешімді президент Ұлттық қозғалыс партиясының лидері Девлет Бахчелимен кездесуден кейін қабылдағанын айтты. Бахчели 17 сәуірде ел парламентінде ерте сайлау өткізуді ұсынған.
Айта кетейік, Түркияда сайлау 2019 жылы қарашада өтуі тиіс еді.
Дереккөз:  CENTRALASIAN.ORG
21 сәуір 2018 ж. 1 276 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031