Путинді ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынды
Ресей лидері Владимир Путинді 2018 жылы өтетін президент сайлауына ресми түрде кандидат ретінді ұсынды. Мәскеудің ВДНХ сарайында бастамашы топ 600 адамды жинады.Путиннің өзі бұл шарада болмады. Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Путинді президенттікке ұсынып жатқанда, ол үкімет мүшелерімен кездесіп, "жылды қорытындылап" жатқан. Оның алдында президент Кремль шыршасына келген балалармен кездескен. Мемлекет басшысы балаларға Ресейді басқару қиын емес екенін айтқан. "Өйткені сендер сияқты балалар бар", – деген.
Путиннің жасы қазір 65-те. Ол Ресейді 1999 жылдың аяғынан бері басқарып келеді. 13 жыл ел президенті ретінде, төрт жыл үкімет басшысы ретінде билік басында болды.








