Ғалымдар алғаш рет екі жәндіктің жадысын бір-біріне ауыстырды
Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің нейробиологтары теңіз ұлуының жадысын екінші ұлуға ауыстыру бойынша тәжірибе жүргізді. Олар тәжірибе сәтті өту үшін, Aplysia ұлуларына әлсіз электр тогын жіберген.
Бұл туралы EurekAlert! басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Арасы 24 сағаттан тұратын екі сессия барысында биологтар 20-25 минут сайын ұлулардың аяғына электродтарды тигізген.
Бірнеше электр импульстері жіберілгеннен кейін, жәндіктер жауап қайтара бастаған. Оларда қорғаныс рефлексі пайда болып, электр тогы жіберілген сайын бұлшық еттері жиырылған.
Зерттеуден кейін ғалымдар бақылау тобындағы тәжірибе жүргізілмеген ұлуларға айрықша рибонуклеинді қышқыл түріндегі инъекция салған.
Ал электр тогы жіберілген ұлулардың жүйке жүйесіне жиналған рибонуклеинді қышқыл бақылау тобындағы теңіз ұлуларының ағзасында 40 секундтық шартты рефлекстің дамуына әсер еткен.
Ғалымдардың пікірінше, басқа ағзада рефлекстің пайда болуына сенсорлық нейрондар жауап береді. Олар рибонуклеинді қышқылдың белгілі түрлері енгізілгенде жылдам қозады.
Ғалымдар мұндай терапияны адамдарға тәжірибе түрінде жасап көруге болатынын айтуда. Рибонуклеинді қышқыл енгізу арқылы миына механикалық зақым келген немесе Альцгеймер дертіне шалдыққан науқастардың жадысын аздап қайтаруға болады.
http://stan.kz