Марсты зерттеуге тікұшақ қолданылады Ол қызыл ғаламшарға 2020 жылға қарай ұшырылмақ. Мақсат – ондағы тіршілік көздерін зерттеумен бірге осы әуе көлігінің ұшу қабілетін тексеріп көру. Тікұшақ қашықтан басқарылады. Көлемі доптай, ал салмағы 2 келідей болатын құралды дайындауға 4 жыл уақыт кеткен. Бірақ қазіргі ұшақтарға қарағанда оның қауқары 10 есе артық. Минутына 3 мың айналым жасайды. Сөйтіп, NASA-ның бұл құралы басқа ғаламшарда алғаш рет қолданылатын тікұшақ болмақ.24.kz Әлем 17 мамыр 2018 ж. 956 2
Пікір 2