Сәннен қалғысы келмеген бойжеткендер көз алмасына әшекей бұйым таға бастады (фото, видео)
Нью-Йорктік дәрігер бойжеткеннің көз алмасына платинадан жасалған әшекейді хирургиялық жолмен салып жатқан сәтінің видеосын жариялады. Жүрек пішініндегі металл әшекейдің көлемі – 3-4 миллиметр. Десе де дәрігер Эмиль Чиннің сөзінше, 5 минутқа созылатын процедура кезінде пациент ауруды сезбейді екен.
Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, қалыңдығы 1 миллиметр болатын әшекейді көзіне салған пациент 3 күннен кейін оны сезбейтін болады. Себебі әшекей бұйым әбден тегістеліп, өңделген және көз алмасының пішініне сәйкес бүгіліп жасалған.
Сонымен қатар әшекей бұйым аллергиялық реакция туғызбайтын көрінеді. Оны көзден қайта алып тастау да оңай. Бұл процедура 10 жылдан аса уақыт бұрын Голландияда ойлап табылған.
http://stan.kz

Пікір 2