Эстония қоғамдық көлікте тегін жүретін алғашқы ел болмақ 1 шілдеден бастап Эстонияда бүкіл ел аумағында қоғамдық көлікте тәулік бойы тегін жүру тәртібі енгізілмек, деп хабарлайды Euronews. Әлемде ешбір ел әлі мұндай батыл қадамға барған емес. Эстония бұған дейін, 2013 жылы ел астанасы Таллинде автобустарда, пойыздарда және трамвайларда ақылы тарифтерді алып тастаған болатын. Содан кейін қала тұрғындарына «қалалық» ретінде тіркеліп, 2 еуроға қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін беретін «жасыл карта» сатып алу ұсынылды. Ал басқа өңірлердің тұрғындары мен туристер бұрынғыша ақы төлеп жүретін.Эстония экономика және инфрақұрылым министрі Кадри Симсонның айтуынша, бүкіл елде тегін жүру тәртібі бойынша ұсыныстар қабылданатын аралық кезең енгізіледі. Дегенмен Эстонияның кей өңірлері бұл тәртіптен бас тартуға ниетті. Өйткені олар қоғамдық көлікке ұлттық бюджеттен бөлінетін қосымша қаржыдан айырылып қалуды қаламай отыр. Әлем 07 маусым 2018 ж. 756 0