» » Британдық әйел 30 ит үшін 25 жыл отасқан күйеуін тастап кетті

Британдық әйел 30 ит үшін 25 жыл отасқан күйеуін тастап кетті

Ұлыбритания тұрғыны 30 шақты бультерьер тұқымды иттеріне күтім жасау үшін 25 жыл отасқан күйеуін тастап кетті. Ол, бұл иттердің жартысы ауруға шалдыққандықтан, олар қосымша күтімді қажет етеді дейді.  Бұл туралы Metro хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.49 жастағы Лиз 25 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған 53 жастағы күйеуі Майкпен ажырасып кеткенін айтты. Лиз күйеуі не некені, не болмаса құтқарылған иттерді таңда деп, талап қойғаннан кейін осы шешімге келген екен. Әйелдің айтуынша, иттерге деген құмарлық ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына кернеу салды. Ол сондай-ақ, күйеуін тастап кеткетіне еш өкінбейтінін жеткізді.
Ол This Morning бағдарламасына берген сұхбатында иттерге деген сезімі ешқандай ережені, шекараны білмейтін ерекше махаббат екенін айтты.
«Мен өзімді жалғыз сезінбеймін, себебі маған әрдайым көмектесіп, қол ұшын беріп тұратын 20 жастағы ұлым бар», – деді Лиз.
Елуге таяп қалған әйел күйеуімен ажырасқаннан кейін тіпті, қайырымдылық шараларын жинайтын, бүкіл ел бойынша еріктілер желісі бар «Bedsforbullies» қайырымдылық ұйымын құрған.
Бағдарламаны көрген көрермендер Лиз бен оның ұйымын қолдап, дұрыс шешім қабылдағанын айтуда.
«Лиз – менің нағыз батырым! Иттер сізге шын мәнінде де ерекше махаббат сыйлайды», – деп жазды Twitter қолданушы.
 Stan.kz
09 маусым 2018 ж. 1 051 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031