Лотерея билеттеріне 18 жыл бойы бірдей сандарды жазып келген ер адам 671 миллион теңгеге ие болды
АҚШ-тың Айдахо штатының тұрғыны Майкл Трэн лотерея билеттеріне 18 жыл бойы бір сандарды жазып келген. Нәтижесінде ол 2 миллион доллар (671 млн теңгеден аса) ұтып алды.
Бұл туралы UPI порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адам Бойсе қаласында лотерея билетін сатып алып, оған соңғы 18 жыл бойы жазып келе жатқан 06-10-15-25-36 сандарын жазыпты. Мұнан кейін ол смартфондағы қосымшаның көмегімен билетті сканерден өткізген. Артынша оған ұйымдастырушыларға хабарласуы керектігі жөнінде жазылған хабарлама келген.
«Мұнан кейін мен ұтысты сандарға қарадым. Олар маған сондай таныс көрінді», – дейді Трэн.
Ұйымдастырушылар ер адамға 2 миллион доллар (671 млн теңгеден аса) ұтып алғанын айтқан.
Ендігі ер адам ұтыс арқылы ие болған ақшасын ипотеканы жабуға жұмсамақ. Ал қалғанын болашақтағы мақсаттарым үшін сақтап қоямын, дейді ол.
http://stan.kz/