» » Мен бүгін өлмеймін: Әйел өзіне шабуылдаған сілеусінді өз қолымен қылқындырып өлтірді

Мен бүгін өлмеймін: Әйел өзіне шабуылдаған сілеусінді өз қолымен қылқындырып өлтірді


АҚШ-тағы Джорджия штатының тұрғыны үйінің ауласында өзіне тап берген сілеусінді қылқындырып өлтірді.

Бұл туралы CBS 46 басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 7 маусымда орын алған.
«Менің ойыма алғаш келгені «мен бүгін өлмеймін» деген ой болды», – дейді 46 жастағы ДеДе Филлипс.
Әйелдің айтуынша, ол сілеусінді мойнынан ұстап, оны өлгенше қылқындырған.  Филлипстің сөзінше, үйде 5 жасар немересі ұйықтап жатқандықтан, ол айқайлап, көмек сұрамаған.
Ол жыртқыштың өлгенін түсінгеннен кейін, ұлын көмекке шықарған. Өз кезегінде ұлы сілеусіннің өлгеніне көз жеткізу үшін, оған бірнеше рет пышақ сұғып алыпты.
Штат билігі оқиға орнына келіп, өлген сілеусінді зерттеуге жіберген. Ертесі күні әйел сілеусіннің кұтырғаны екенін білген.
Қазіргі уақытта әйел құтыруға қарсы ем алып жатыр. Сонымен қатар сілеусін тістеп, тырнап алғандықтан, оның қолы, кеудесі мен аяғы жарақаттанып, саусағы сынған.



http://stan.kz
18 маусым 2018 ж. 1 025 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930