Аралда 30 жылға жуық жалғыз өзі өмір сүрген дуананы адамдардың арасына мәжбүрлеп әкелді
Ешкім мекендемейтін аралда 30 жыл бойы жалғыз өзі өмір сүрген жапондық дуана өркениетке оралды.
Бұл туралы The Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Масафуми Нагасаки 1989 жылдан бері Рюкю архипелагындағы Сотопанари аралында азық-түлік, киім-кешек және байланыс құралдарынсыз жалғыз өзі өмір сүрген. Ол аралға тіпті балықшылардың өзі сирек барады. Бірақ, 82 жастағы қария онда 30 жылға жуық өмір сүрген. Диуана тіпті, өзінің үйі болған аралда өлуді армандайтынын бірнеше рет айтты.
«Мен өзіме қажет нәрсенің бәрін осы жерден таба аламын, маған бұдан басқа ештеңе қажет емес. Мен осы жерде тайфун кезінде ешкімге кедергі келтірмей өлгім келеді”,-деді дуана.
Оның аралдағы өмірі таңертең ерте тұрып спортпен шұғылданумен, сосын жағалауды тазартумен өтетін.
Алайда, аралда өз еркімен өмір сүруді қалайтын дуана тұмауратып қалған соң, жергілікті билік 82 жастағы Нагасакиді аралдан күшпен алып кетті. Тіпті, оған денсаулығының нашарлығына байланысты оған аралға баруға тыйым салды. Биліктегілер осылайша, 82 жастағы диуананы Сотопанариден 60 шақырым жерде орналасқан Ишигаки қаласындағы қарттар үйінде орнастырды.
Нагасакидің аралда тұрғанға дейінгі өмірі туралы мәлімет аз, себебі ол өткен өмірі туралы айтуды ұнатпайды. Кейіннен оның әйелі және екі баласының болғаны белгілі болды. 30 жыл бойы жалғыз өзі өмір сүріп келген қария бұрын фотограф болып жұмыс істеген екен. Оның тіпті, хостелл-бары да болыпты. Бірақ, қала өмірінен шаршаған Нагасаки ол жерден кетуді шешіп, ешкім мекендемейтін аралға кетіп қалған. Аралда екі жылдан артық тұрмаймын, деп жоспарлаған қария онда 30 жыл жалғыз өзі өмір сүрген.
http://stan.kz