» » Құтқарушылар Таиланд үңгіріндегі балаларды жүзушілердің көмегімен құтқарудан бас тартты (видео)

Құтқарушылар Таиланд үңгіріндегі балаларды жүзушілердің көмегімен құтқарудан бас тартты (видео)


Таиландтағы су басқан үңгірдегі балаларды құтқару үшін құрылған штаб оларды жүзушілердің көмегімен құтқарудан бас тартты.

Бұл туралы ABC News арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Құтқарушылар патшалық флотының жүзгішісінің қайтыс болуына байланысты осындай қадамға барып отыр. Естеріңізге сала кетейік, балаларды құтқару операциясына өз еркімен қатысқан теңіз жаяу аскері Саман Гунан су басқан үңгірден өту кезінде есінен танып, көз жұмды. Осыдан кейін құтқарушылар әр оқушыны кәсіби серіктес-жүзгіштермен алып шығу жоспарынан үзілді-кесілді бас тартты.
Сонымен қатар, мамандар әуе кабелін қолданудан да бас тартуда, себебі үңгірдің кіре берісі тар болғандықтан кабель қолдану мүмкін болмай тұр.
Бүкіл әлем дұға еткен балаларды құтқаруға миллиардер Илон Маск та көмек көрсетті. Ол төтенше жағдай орын алған жердегі қиындықтарды зерттеу үшін Таиландқа өзінің екі компаниясының мамандарын жіберді. Сондай-ақ, су басқан үңгірдегі балаларды құтқаруға Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі де өз көмегін ұсынды.
Айта кетейік, 11 жастан 16 жасқа дейінгі ер балалар мен 25 жастағы футбол жаттықтырушы тек тоғыз күндік іздеуден кейін ғана табылды. Олар елдің солтүстігіндегі Чиангмай провинциясындағы үңгірдің кіреберісінен төрт шақырым қашықтықта қамалып отыр. Жігіттерден құралған топ үңгірге жауын жаумай тұрып кірген. Алайда, балалар онда кіргенде аяқ асты жаңбыр жауып, үңгірдің ішін су  басып, шығар жол таспен бекітіліп қалған. Сондай-ақ, бұған дейін әрең табылған балалардың төрт ай бойы, жауын-шашын маусымы аяқталғанша үңгірде қамалып отыруы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.





http://stan.kz

09 шілде 2018 ж. 704 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30