» » Мессидің жанкүйері сүйікті футболшысына еліктеймін деп көз жұмды

Мессидің жанкүйері сүйікті футболшысына еліктеймін деп көз жұмды


Танымал футболшы, аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің қимылын қайталауға тырысқан үндістандық ойыншы сүйікті футболшысының әдісін қайталағаннан кейін қайтыс болды.

Бұл туралы India Today  хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Калькутталық ойыншы Сагар Дас ойын кезінде командадағы серіктесінен Мессидің әдісі бойынша пас аламын деп, тепе-теңдік сақтай алмай, құлап кетті. Доп ойыншының дәл кеудесіне тигендіктен, ол сол жерде есінен танып қалды. Әріптестерінің құлап қалғанын көрген оның командасы оған көмектесуге тырысты, бірақ одан ештеңе шықпады. Ойыншы бірден Камархати қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, кейіннен сол жерде көз жұмды.
Кеудесіне доп тиіп қайтыс болған футболшының ағасы Самар Койал марқұмның Мессиді қатты үлгі тұтқанын айтты. Ол інісінің Мессидің жанкүйері болғанын және  қазір Ресейде өтіп жатқан әлем кубогының барлық матчтарын жібермей көріп жүргенін де айта кетті.



http://stan.kz
09 шілде 2018 ж. 850 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 023

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30