» » Футболдан ӘЧ-2018: Мессидің командасы Хорватия құрамасынан күл-талқан болып жеңілді (видео)

Футболдан ӘЧ-2018: Мессидің командасы Хорватия құрамасынан күл-талқан болып жеңілді (видео)


Футболдан Әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші турындағы ойын нәтижесінде Хорватия құрамасы Аргентинаны жеңіп кетті.

Бұл туралы Fifa Басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Командалар арасындағы ойын Ресейдің Нижний Новгород қаласында өтті.
Тартысты ойын 3:0 есебімен аяқталып, Мессидің командасы ойсырай жеңіліп қалды.
Өз кезегінде 6 ұпай жинаған хорваттықтар әлем біріншілігінің play-off кезеңіне жолдама алды.
Ойын барысында алғашқы голды шабуылдаушы Анте Ребич соқты. Екінші гол Хорватия құрамасының капитаны, жартылай қорғаушы Лука Модричке бұйырды. Ал үшінші голды соққан – жартылай қорғаушы Иван Ракитич.



Тартысты өткен ойында жанкүйерлер Мессиден үміттенген еді. Алайда ол өз командасына жеңіс сыйлай алмады.



Stan.kz
22 маусым 2018 ж. 935 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031