Ғалымдар алғаш рет жаңа планетаның пайда болуын суретке түсіріп алды (видео)
Еуропалық Оңтүстік обсерваториясының астрономдары алғаш рет Кентавр жұлдызында жас планетаның қалыптасып келе жатқанын суретке түсіріп алды. Жас планетаның пайда болуы ең үлкен телескоптың көмегімен түсірілді.
Бұл туралы Mashable хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Суретте жас планетаның жаңа туылған PDS 70 жұлдызының айналасындағы заттың көмегімен қалыптасып келе жатқаны (жарқыраған нүкте) көрінеді. Ал, ол көктегі дене Жерден 370 жарық қашықтықта орналасқан.
Сондай-ақ, Макс Планк астрономия институтының зерттеушісі және астрономы Мириям Кепллер жаңа планетаның қалай пайда болғанын айтып өтті.
«Жаңадан туылған жұлдыздың жанындағы дискілер жаңа планетаның туылған жері. Бірақ планетаның пайда болуын тек бірнеше рет қана суретке түсіру мүмкін болды»,-деді ол.
Ғалымдар коронграфтың көмегімен планетаны жұлдыздың жарығынан бөліп, оның нақты суретін ала алды. Кепллер сондай-ақ, осы жұлдыздың жанынан жас планетаның пайда болып келе жатқанын бірнеше рет байқағанын айтты.
Олар жаңа планетаның қалыптасып келе жатқаны туралы болжамдарын SPHERE телескопы түсірген суреткен кейін растады. Бұл телескоп жұлдыздарды бірнеше сағат бойы үздіксіз суретке түсіретін планеталарға арналған үлкен іздестіру құралы, яғни бұл құрылғы жұлдызды қоршаған объектілерді анықтау үшін күрделі алгоритмдерді пайдаланады.
Stan.kz