» » Әке атанған азамат ұлды болғаны үшін емес, әйеліне бола еңкілдеп жылады

Әке атанған азамат ұлды болғаны үшін емес, әйеліне бола еңкілдеп жылады


Ұлды болған Техас тұрғыны әйелінің алғаш босанғанын көріп, еңкілдеп тұрып жылады. Бұл бақытты сәтті фотограф суретке түсіріп алған. Алайда, кейінірек көзіне жас алған әкенің ұлды болғаны үшін емес, әйелінің қуанған жүзіп көріп жылап жібергені белгілі болды.

Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Фотограф Кирсти Перес ер адамға жаңадан туылған ұлын алғаш көрген кезде, оның қалай көзіне жас алғанын суретке түсіріп алғанын айтты.
Бірақ жас әке атанған азамат бұған байланысты жыламағанын айтып, фотографты таңғалдырды.
«Оның жауабына басым қатып, одан мұнымен не айтқысы келгенін сұрадым. Ол тағы да көзіне жас алып: «Бүгін әйелімнің тоғыз айдан бері күлімсірегенін алғаш рет көріп тұрмын», деп жауап берді»,-дейді фотограф.
Өкінішке орай, жүктілік әйелге өте ауыр болды. Күн сайын жүрегі айнып құса берген әйел жүктілік кезінде 13 келі салмақ тастаған. Сонымен бірге әйелде преэклампсия пайда болған. Преэклампсия – бұл жүкті әйелдердегі әдетте АҚ мен протеинурияның көтерілуімен көрінетін көп жүйелі синдром. Преэклампсияның ауыр формасы жүкті әйелдердің 1-2% кездеседі. Бұл кезде, ең алдымен бүйрек, бауыр, қан ұйыту жүйесі және ми, сонымен қатар бала жолдасы зақымданады. Преэклампсияның ауыр формасы анасы мен нәрестенің денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін.
Жүкті әйел тоғыз айда төрт рет құрғақшылықпен ауруханаға түскен. Әйел кез-келген иіске жүрегі айнып, құса бергендіктен жүктілік кезінде көшеде тамақтануға мәжбүр болған.
 
Stan.kz
04 шілде 2018 ж. 1 090 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930