» » Түрікменстанда алкоголь сатуға тыйым салынды

Түрікменстанда алкоголь сатуға тыйым салынды


Түрікменстан билігі Ашхабад пен облыстық әкімшілік орталықтарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салды.

Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Түрікменстан билігі дүкен сөрелеріндегі алкогольдік сусындарды жою үшін қызу жұмыс істеуде. Елде алкоголь сатуға қарсы күрес 5 шілдеде Түрікменстандағы 2018-2024 жылдарға арналған “Алкогольдің зиянды әсерін болдырмау” жөніндегі ұлттық бағдарламаны қабылдағаннан кейін басталды.
«9 шілдеде бірнеше дүкен иелері жеке мекшік дүкендердегі алкоголь өнімдерінің тәркіленетінін айтты», – делінген хабарламада.
Алкоголь өнімдерінің көзін жою үшін атқарушы органдар республиканың дүкендерінде рейд жүргізе бастады.
10 шілдеде ел астанасындағы «Мир» ірі базарында тиісті құжаттарды көрсетпестен жекеменшік дүкендегі барлық алкоголь өнімдері тартып алынды. Тексерушілер тәркіленген өнімдерді көлікке жүктейтін арнайы қызметкерлерді де өздерімен бірге алып келген. Сондай-ақ, олар дүкен иелеріне келесі күні полиция бөлімшесіне келу туралы бұйрық берді.
Дереккөздің хабарлауынша, елде алкоголь сатуға қарсы күрес бірнеше адамдардың контрафактілі өнімдерден уланып, аурухана түскенінен кейін басталып отыр.
«Соңғы бірнеше айда Түрікменстанда алкогольдан улану оқиғалары көбейді, тіпті өлім оқиғалары тіркелді. Елге метил спиртінің жеткізілгені туралы естідік. Мүмкін, этил спиртінің орнына сол метил қолданылған шығар. Себебі, елде көптеген улану, тіпті өлім оқиғалары болды. Осы себептен нарықты тексеріп жатыр. Атап айтқанда шығарушусы белгісіз алкоголь өнімдері тәркіленді », – деді ол.
Басылымның хабарлауынша, Ашхабадта екі күннің ішінде мемлекеттік лицензия бойынша алкоголь өтімдерін сатқан барлық жеке меншік дүкендер жабылды.


Stan.kz
16 шілде 2018 ж. 645 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031