» » Алдағы күндері республиканың бірқатар өңірінде сынап бағанасы 43-45°С дейін көтеріледі деп болжануда

Алдағы күндері республиканың бірқатар өңірінде сынап бағанасы 43-45°С дейін көтеріледі деп болжануда

Алдағы күндері республиканың бірқатар өңірінде сынап бағанасы 43-45°С дейін көтеріледі деп болжануда“Қазгидромет” РМК қатты жел мен аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттқы агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін барады. Кей аймақтарда найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Петропавлда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.
“16-20 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде 40-42°С, Маңғыстау облысының кейбір аймағында сынап бағанасы 43-45°С дейін көтеріледі. 17-20 шілдеде Ақтөбе облысында ауа температурасы 41-43°С, Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-43°С дейін жоғарылайды”, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қостанай облысында да дабылды ескерту жарияланды. 14 шілде күні найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады деп болжануда. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Ал 18-20 шілде күндері Қостанай облысының кей жерлерінде 41°С ыстық болады.
14 шілде 2018 ж. 877 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930