5 МАМЫР КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Жауын тек елдің батысы мен оңтүстігіне ғана жаумайды. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласып, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал.
Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында желдің екпіні секундына 23-28 метр болады, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метр болуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында желдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында шаңды дауыл көтеріледі.
https://kyzylorda-news.kz