БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ БОЛАДЫ
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірінде ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпаратхабарлайды.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға жетіп, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді. Түнгі уақытта тұман түседі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірінде ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға жетіп, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді. Түнгі уақытта тұман түседі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.
https://kyzylorda-news.kz