Күйеуі күлдің арасынан әйелінің неке жүзігін тауып алып, қайтадан ұсыныс жасады
Оңтүстік Калифорнияда тоғыз үйдің түгін қалдырмаған өрт болды. Тілсіз жаудың салдарынан Ишу мен Лора Рао есімді ерлі-зайыптылар да баспанасыз қалды. Некелескендеріне 8 ай ғана болған ғашықтар отбасылық үйдің де қызығын көріп үлгермеді.
Бұл туралы New York Post хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.Алайда, ерлі-зайыптылар баспанасыз қалса да, жаңа өмір бастау үшін қайта күш-жігерге ие болды. Өртенген күл-қоқыстың ішінен әйелінің неке жүзігін тауып алған Ишу бұл қиындықты ұмытып, жаңа өмір бастау үшін жұбайына екінші рет ұсынып жасап, оны қуанышқа бөледі.
«Мен ұйықтамас бұрын жүзігімді ванна бөлмесінде шешіп, сонда қалдырып кеткенмін. Бірақ, бірнеше минуттан кейін өрт басталды. Содан өртенген үйден екі баланы, үш ит пен мысықты шығарып жүріп, сақина туралы мүлде ұмытып кетіппін»,-деді Лора.
Әйелінің неке жүзігінің өрт кезінде үйде қалып қалғанын естінен күйеуі қызық үшін күл-қоқысты ақтарып, бұрын ванна бөлмесі болған жерді тапты. Үйіндіні қазған ер адам оның арасынан әйелінің неке жүзігін тауып алды, бірақ сақина өрттен аздап еріп кеткен екен. Содан ол бұл қорқынышты күнді ұмытып, жаңа өмір бастау үшін тізерлеп тұрып, әйеліне қайтадан ұсыныс жасады.
«Ол мен көрген әлемдегі ең сұлу әйел. Мен оның жүзіне күлкі ұялату үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын»,- дейді Ишу Рао.
Күйеуінің әрекетінен кейін Лора көз жасын тыя алмады. Олар сол сәттен бастап, дәл өрт болған жерде жаман нәрселердің барлығын артта қалдыруға шешім қабылдады. Ал, олардың сөзінше, үйдің өртенуі өмірде өзің жақсы көретін адамдардың амандығы маңызды екенін түсінуге көмектесті.