» » Лисаков қаласында кеншілер жаппай уланып қалды

Лисаков қаласында кеншілер жаппай уланып қалды

Кеше Лисаков қаласында Красно­октябрь боксит басқармасының асхана­сынан түстік тамақ ішкен 39 жұмысшы ула­нып қалды.




Кеше Лисаков қаласында Красно­октябрь боксит басқармасының асхана­сынан түстік тамақ ішкен 39 жұмысшы ула­нып қалды. Алдымен 38 адам меди­ци­налық көмекке жүгінген, содан соң 24 адам Лисаков қалалық ауруханасы­на жатқызылып, 14 адам облыстық ауру­­ханаға жөнелтілген болатын. Ерте­ңі­не облыстық ауруханаға тағы 10 адам жет­кізілді. Осы мәселе бойынша об­лыс­тық қоғамдық денсаулық қор­ғау де­­партаменті мамандары өткізген бас­па­­сөз мәслихатында тамаққа уланған жұ­­мыс­­шылардың халі жақсарып келе жат­қан­дығы айтылды.

– Жұмысшылар орта және жеңіл дәрежеде уланған. Өмірлеріне еш қауіп жоқ. Олардың арасынан 15 адамды ауруханаға жатқызбауға да болар еді. Бірақ профилактикалық шара және улану себебін аяғына дейін зерттеу үшін барлығы да емдеу орнында болуы керек деп шештік. Қазір барлығы ем алып жатыр. Жұмысшылар асханада дайындалған түстік тамақтан кейін өздерін нашар сезінген. Лисаков қалалық және облыстық ауруханаларында жатқан жұмысшылардың жағдайы жақсарып келеді, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Екатерина Слободенюк.

Дәрігерлер уланған жұмысшыларға «асқынған асқазан қабынуы» деген диагноз қойды. Оның жұқпалы екені де айтылды.

– Иә, бұл жұқпалы ауру. «Асқынған асқазан қабынуы» – аурудың жалпы атауы, бұл әрі қарай түр-түрге бөлінеді. Ол сальмонеллез бе, асқынған жұқпалы іш ауруы ма, әлде вирустық жұқпалы ауру ма, әзірге ешнәрсе айта алмаймыз. Науқастардан талдауға материалдар алынды. Лабораторияда зерттелген соң, барлығы анықталады, – деді облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаменті жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлім Досымова. Дәрігерлер жұмысшылардың улануы сапасыз азық-түліктен бе, тамақтың сапасыз дайындалуынан ба, әлде ауырған адамнан тарады ма, оны тап басып айтуға әлі ерте екенін айтты. Асханада тазалау, де­зин­фе­к­ция жұмыстары жүргізілді. Алын­ған материал­дар тексерісінен кейін бар­лығы анық­талады. Ал науқастар ауру жағ­дайына қарай 7 күннен 10 күнге дейін емделеді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

egemen.kz

27 шілде 2018 ж. 720 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 23:56
Mutuabile Vendita Propecia Cialis Dosage 20mg Bacterial Infection Keflex cialis generic Comprar Viagra Por Telefono

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 21:25
Buy Nitrofurantoin 100mg Online Uk Viagra Trh Pharmacy п»їcialis Dove Comprare Viagra Senza Ricetta

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930