12 жасар баланың денесі сирек аурудың салдарынан «тасқа» айналып барады
АҚШ-тың Колорадо штатындағы 12 жасар баланың терісі сирек кездесетін ауру салдарынан тас сияқты қатып қалған.
+
Бұл туралы Yahoo7 News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
12 жасар Джейден Роджерс туа бітті фациальді дистрофия дертіне шалдыққан. Бұл ауруды ғалымдар 1970 жылдардың соңында ашқан екен. Содан бері аталған ауруға 41 адам шалдыққан. Ол адам денесіне тез тарап, терісін қалың әрі қатты ете түседі. Салдарынан пациент қимыл-қозғалыстан қалып, өліп кетуі мүмкін.
5 жыл бұрын баланың асырап алған әкесі оның оң жамбасынан кішігірім ісікті байқаған. Бірнеше аптаның ішінде ол баланың бүкіл жамбасына, тізесінің артқы жағына тарап үлгеріпті. Мұнан кейін дерт сол аяғы, бөксесі мен қолына тараған. Осылайша тұз жиналып қалғандықтан, баланың қимыл-қозғалысы қиындай бастайды.
Дәрігерлер химиотерапия арқылы аурудың тарауын тоқтатуға тырысуда. Сонымен қатар жасөспірімге ауруды басатын күшті дәрілер қабылдауға тура келеді. Салдарынан ол тәулігіне 18 сағатқа дейін ұйықтайды екен. Сондай-ақ, Роджерс мүгедектерге арналған қоларбада отыруға мәжбүр әрі ендігі мектепке бара алмайды.
Асырап алған ата-анасы оның еміне 500 мың доллар (172 млн теңгеден аса) жұмсаған. Бұл олардың кәрілікке дейін бар жиған-тергені көрінеді. Ендігі олар ұлдарын еуропалық клиникада емдету үшін 1,5 миллион доллар (518 млн теңгеден аса) жинауға тырысып жатыр.
Stan.kz