Марстан бетін қалың мұз басқан көл табылды
Марс планетасынан бетін қалың мұз басқан көл табылды. Ғалымдар «Mars-Express» еуропалық ғарыш агенттігінің планетарлық станциясына орнатылған Marsis радарының көмегімен Марстан суы бар көл тапты.
Бұл туралы Риа Новости-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Бұған дейін ғалымдар Mars Reconnaissance Orbiter зонды түсірген Марстың суретін зерттей отырып, планетаның кейбір беткейлерінен жарты метрден бес метрге дейін жететін қара жолақтар тауып алған болатын. Ғалымдар бұл жолақтар судың ағынынан қалған деген болжам жасады. Кейіннен Curiosity марсоходы ғаламшардың бетінен кеуіп қалған ежелгі көлді тапты.
Сонымен қатар, мақалада ғалымдардың зерттеулерін итальяндық ғарыш агенттігі мен NASA-ның қаржыландырғаны туралы айтылды. Зерттеулерге сәйкес, Марстан сұйық суды іздеуде серпіліс жасау әдісі оңайырақ болды. Осылайша, қызыл планетаның оңтүстік полюсінде орналасқан және бетін қалың мұз басқан ені 20 шақырымдай болатын көл табылды.
Stan.kz