» » Халық батыры: Бір аяғынан айырылған жігіт 5 мың шақырым жүгіріп өтіп, бүкіл елдің мақтанышына айналды

Халық батыры: Бір аяғынан айырылған жігіт 5 мың шақырым жүгіріп өтіп, бүкіл елдің мақтанышына айналды


1980 жылы 22 жастағы канадалық Терри Фокс оң аяғындағы протезімен бүкіл елді айналып, жүгіріп өтті. Ол бұл қадамға қатерлі ісіктен емдейтін дәрі ойлап табуға ақша жинау үшін барған. Мүгедек екеніне қарамастан, 5 мың шақырым қашықтықты жүгіріп өткен жігіт айқын мақсаты және оған қол жеткізуге деген үміті бар адамның қолынан бәрі келетінін дәлелдеп берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Терри Фокс қарапайым отбасында дүниеге келген. Сонымен бірге, оның төрт бауыры бар. Ол бастауыш сыныптарда оқып жүргенінде спортпен айналысып, баскетбол ойнағанды жақсы көрді. Бірақ одан жақсы баскетболшы шықпады. Себебі, Терридің бойы аласа болған және ойын кезінде де өзін жақсы көрсете білмеді. Содан жаттықтырушы оған бұл ойынан бас тартып, жүгірумен немесе күреспен шұғылдануды ұсынды.

ÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑ

Алайда Терра жігерлі жігіт болғандықтан баскетболдан бас тартқысы келмеді. Ол күн сайын сабаққа дейін және кейін денесін шынықтырып, бос уақытын спорт алаңында өткізді.
Сондай-ақ, ол жоғары сыныпта оқып жүргенінде қыздардың арасында танымал болды. Ол ұялшақ болғанымен сауық кештердің бірін жібермейтін. Бірақ, көбінесе Даг Альварт есімді жақын досымен уақыт өткізгенді жақсы көрді. Терри колледжге түсіп, жаттықтырушысы секілді дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болуды армандады. Бірақ тағдыр оның өмірін мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді.

ÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑ

Ол 19 жасында тізесі ауырып аурухана түсті. Содан дәрігерлер оның сүйек қатерлі ісігіне шалдыққанын анықтады. Жас жігіт қатерлі дертпен қанша күрескенімен, бірақ оның оң аяғын тізесінен жоғары кесіп тастауға тура келді. Мұғалім болуды армандаған жігіт осы сәттен бастап спортпен қош айтысты.

ÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑ

Алайда, Терри ауруханадан шыққаннан кейін басқа науқастарға аурумен күресуге көмектескісі келіп, өзін жауапты санады. Содан кейін ол қаражат жинап, онкологиялық ауруларды емдейтін дәрі ойлап табу үдерісін жеделдету үшін қайырымдылық марафонын өткізуді ойлады.
Отадан кейін екі жыл өткен соң, Фокс халықтың назарын аудару және ақша жинау үшін бүкіл елді айналып жүгіріп шығуға шешім қабылдады. Бірақ, ешкім бір аяғы протез мүгедектің жоқ дегенде бір шақырым жүгіре алатынына сенбеді. Олар мүгедек жігіт қанша жүгірсе де, қарапайым адамдар қатерлі ісікті емдеуге ақша бермейді деп ойлады.

ÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑ

Бірақ оның күшіне сенбейтіндер мен қиындықтар Терриді мүлде алаңдатпады. Ол 15 ай бойы жаттығып, күн сайын бір шақырымнан қосып, жүгіріп отырды. 101 күн бойы тоқтамай жүгірген жас жігіт тек жаңа жыл күні ғана бір күн демалды.
Оның жақын досы Даг Альварт та оған үлкен қолдау көрсетті. Олар жүк көлігін ұран жазылған плакаттармен безендіріп, оның ішіне тіпті демалуға арналған диван кіргізіп, көлікті тамақ пен барлық қажетті нәрселерге толтырды. Олар бүкіл елді жүгіріп өтіп, Канадада тұратын әрбір адамнан бір доллар жинаймыз деген жоспар құрды.
«Адамдар мені тозақпен жүріп өтті деп ойлады. Ал, мен қалағанымды орындадым және арманыма қол жеткіздім»,-дейді Фокс.

ÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑ

Мүгедек жігіт протезімен бүкіл елді жүгіріп өткенде, жүк көлігін ең жақын досы артында айдап жүрді. Ол күніне орта есеппен 42 шақырым жер жүгірді және күн сайын дәл  осындай қашықтықты бағындырып отырды. Жас жігіт ауа-райы мен басқа жағдайларды есептемегенде, тек тамақтану және ұйықтау үшін ғана үзіліс жасады.
Терри бүкіл елді жүгіріп өткенде бөтен адамдар оның қолына 100 доллардан ұстатып, қолдау көрсетті. Ол 8000 адам тұрғыны бар қаладан 14 000-нан астам доллар жинап шықты. Тіпті, ақшасы болмаған музыканттың өзі жалғыз гитарасын «Үміт марафонына» сыйға тартқан.
Бірақ, 143 күн үзіліссіз марафоннан кейін, 5 373 шақырымды бағындырған Терри жарыстан шығып қалды. Өкінішке орай, ол бұл жарысын аяқтай алмады. Терри өкпесінің ауырып жүргенін бұрыннан білген. Бірақ, сол күні ол ауруға шыдау мүмкін болмады.
Ол жүк көлігіне оралып, досынан өзін ауруханаға жеткізуін сұрады. Тексеруден кейін Терридің аяғындағы қатерлі ісіктің өкпеге жайылып кеткені белгілі болды.

ÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑ

Сол кезде онкологиялық зерттеулерге арналған қайырымдылық пен Терри Фокстың қорына 24 миллион доллардан аса қаражат жиналды. Осылайша, ол көптен күткен арманына жетіп, Канаданың әр тұрғынынан ауруды емдеуге дәрі ойлап табу үшін жоқ дегенде 100 доллар ақша ала алды.
Алайда, Терри 23 жасқа толғанға дейін бір ай бұрын өмірден озды. Ол қайтыс болған күні бүкіл елде аза тұту күні жарияланып, тулар төмен түсірілді.

ÐÑÑ Ð°ÑÒÑ Ð¿ÑоÑез мүгедек жÑгÑÑ 5 мÑÒ£ ÑаÒÑÑÑм жүгÑÑÑп Ó©ÑÑп, бүкÑл елдÑÒ£ маÒÑанÑÑÑна айналдÑ

Осылайша, Терри халық батырына айналып, көптеген адамды шабыттандырып, мыңдаған науқасқа үміт отын сыйлады.


Stan.kz
03 тамыз 2018 ж. 755 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 18:43
Hydrochlorothiazide Aldoril Secure Medicine Viagra Et Procreation buy cialis Best Online Viagra Site

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 20:16
Levitra Stopped Working Indian Pharmacies That Accept Paypal Cephalexin For Canine And Side Effects cheap viagra levitra cialis Levitra With Dapoxetine Xenical No Prescription Amoxicillin Dosage Pediatric

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031