» » Үйлену тойының суретін желіге салған жігіттің фотосы үздік деп танылды

Үйлену тойының суретін желіге салған жігіттің фотосы үздік деп танылды

Ò®Ð¹Ð»ÐµÐ½Ñ ÑойÑнÑÒ£ ÑÑÑеÑÑн желÑге ÑалÒан жÑгÑÑÑÑÒ£ ÑоÑоÑÑ Ò¯Ð·Ð´Ñк деп ÑанÑлдÑ

25 жастағы жігіт үйленгеніне үш толуын атап өтіп, Twitter-дегі парақшасына тойдың суретін жүктеді. Бірақ, оған әдеттегі құттықтаулар мен жағымды пікірлердің орнына көптеген таңқаларлық сұрақтар қойылды.


Бұл туралы life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Үйлену тойындағы сурет желіге жарияланғалы көптеген оқырмандар ол суретке қызығушылық танытты. Мәселе, суреттегі көріністе болып түр. Себебі, ол фотода бір мезетте болған қайғылы және көңілді сәт көрсетілген.
Жас жұбайлар Англияның Шеффилд қаласында тұрғанымен, тойларын АҚШ-тың Чикаго қаласында жасады. Сол жылғы жаз өте ыстық болды. Атаулы күнді ұмытылмастай өткізгілері келген жас жұбайлар да қонақтар мен туыстары да дайындыққа көп күш жұмсап, шаршап қалды.
Сондықтан, діни қызметкер «күйеу жігіт қалыңдықты сүйе берсеңіз болады» деген кезде, гүрс еткен дауыс естілді. Сөйтсе, күйеу жігіттің әпкесі Грейс қатты ыстықтан жүрегі қысылып кетіп, есінен танып қалыпты. Абырой болғанда, ешқандай қайғылы оқиғасыз бәрі жақсы өтті. Фотограф жас-жұбайлардың сүйіскенін суретке түсіріп үлгергенімен, бірақ сол күнгі оқиға ұмытып кетті.
«Үш жыл бұрын өмірлік махаббатыма үйлендім, ал сол күні менің әпкем есінен танып, құлап қалды»,-дейді жас жігіт.
Бірақ фотограф үйлену тойының суреттерін жібергенде, Кевин осындай маңызды сәтте еденге құлап жатқан әпкесін көрді. Негізі, құлап жатқан адамға күлу дұрыс емес, бірақ жігіт өзін-өзі ұстап алмай, суретті көріп әбден ішек-сілесі қатты. Ол үш жылдық мерейтойын дәл осы суретпен атап өтпекші болды. Және пікір білдірушілер де бұның әлемдегі «ең керемет үйлену тойының суреті» екенін айтты.
Stan.kz

05 тамыз 2018 ж. 1 234 0