» » Мысырлық шипажайда туристі өлтірген акуланы іздеуде

Мысырлық шипажайда туристі өлтірген акуланы іздеуде



Бірнеше қайықта отыратын сегіз адам теңіздегі акулалардың белсенділігін бақылайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Чихиялық туристі акуланың құрбаны болғаннан кейін Мысырдағы экология министрлігі Марса Алам шипажайы маңындағы жағалауға арнайы бақылайтын топ құруды тапсырды. Бұл туралы Extra News телеарнасында қала басшысы Атеф Вегди айтты.
Шенеуніктің айтуынша, экология министрлігі бірнеше қайық пен сегіз адамнан құралған арнайы топқа теңіздегі акулалардың белсенділігін бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, жағалау мен теңізге бейнебақылау камералары орнатылды.
Болған оқиғаға қатысты құрылған комиссия мүшелері туристке шабуыл жасаған қай акула екенін әзірге анықтай алған жоқ.
Еске сала кетсек, чехиялық турист турист аквалангпен жүзу кезінде жағалаудан 20 километр қашықтықта акулаға жем болған.

Baq.kz
08 тамыз 2018 ж. 717 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30