» » Зимбабведе қолтырауындар туристі өлтірді

Зимбабведе қолтырауындар туристі өлтірді


Зимбабвенің оңтүстігінде орналасқан Матобо ұлттық саябағында қолтырауынның шабуылынан турист қаза тапты. Бұл туралы жергілікті The Herald газеті жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 31 желтоқсанда болған. Саяхатшы ер адам әйелімен бірге үрленген қайықпен саябақтың су қоймасын аралап жүрген. Сол кезде оларға қолтырауындар шабуыл жасайды.
«Джон Боуман және Розмари Митчелл елдегі Матобо ұлттық саябағындағы Мпопома су қоймасында жүргенде қолтырауындар шабуыл жасады. Екеуін де Булавайо жедел ауруханасына алып кетті. Бірақ Боуман жолда қайтыс болды. Митчелл қатты жарақат салдарынан интенсивті терапия бөлімшесінде жатыр», - деді саябақ өкілі Тинаше Фараво (Tinashe Farawo).
Жұп әріптестерімен бірге саяхаттап жүрген. Қай елдің азаматтары екені анықталып жатыр. Олар пайдалануға тыйым салынған қайықты мініп кеткен.
Саябақ қызметкерлері туристерді қауіпті жануарларға жақындамауға шақырды.
04 қаңтар 2018 ж. 1 294 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031