» » Ғалымдар: электронды темекілердің зияны жай темекіге қарағанда көп

Ғалымдар: электронды темекілердің зияны жай темекіге қарағанда көп

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑлекÑÑÐ¾Ð½Ð´Ñ ÑемекÑ

Ғалымдардың айтуынша, темекі шегуді қоюдың бір тәсілі ретінде электронды темекіні пайдалану дұрыс шешім емес, деп хабарлайды Stan.kz

Бирмингэм Университетінің ғалымы Дэвид Тикеттің зерттеуі Англияның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының зерттеу нәтижелерін жоққа шығарды. 2015 жылы британдық ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша электронды темекілердің зияны жоқ делінген, алайда жаңа зерттеулер көрсеткіші электронды темекілердің зияны жай темекіден көбірек екенін дәлелдейді. Бұл туралы Daily Mail жазады.
Тикетт темекіні көп шегу барысында хош иіс сіңген мақта қызып, өкпе мен басқа ағза тіндеріне химиялық канцерогенді заттар көпіршіктері мен қарамай түсетінін анықтаған.
Сонымен қатар, аталған химиялық заттар созылмалы өкпе ауруларының ауыр түріне әкеліп соғады дейді. Ол аурулар қатарында мүгедектікке шалдықтырып, рак ауруларын қоздыратын өкпенің обструктивті ауруы бар.
Зерттеушілердің айтуынша, темекі шегуді қоярдың басқа жолдарын қолданған жөн. Мысалы, терапиялық сылақ, құрамында никотин бар тәттілер немесе басқа да медициналық препаттар. Ғалымдардың пайымынша темекінің баламаларының пайдасынан зияны көп.


Stan.kz


15 тамыз 2018 ж. 1 852 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930