ТЕМЕКІ ТАСТАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Темекіні ермек етер – түбіне өзі жетер.
Өзіне-өзі шарт қою арқылы
Темекіні біржолата қойғысы келетін адамдар өздеріне мынандай шарттар қою арқылы да шылымды тастай алады.
1. Жұмыс уақытында, көшеде темекі тартпаймын;
2. Ұйықтар алдында қолыма темекі ұстамаймын;
3. Түн ортасында тұрып темекі тартпаймын;
4. Таңертең ашқарынға шылым шекпеймін;
5. Автокөлік жүргізіп келе жатқанда темекі тартпаймын.
Темекіні біртіндеп тастау
Кейбіреулер темекіні бірте-бірте қойғанды қалайды.
Ол үшін мамандар мынандай ақыл-кеңес ұсынады:
1. Темекінің маркасын ауыстырып, иісі мен дәмі жеңіл түріне көшу қажет.
2. Бір тал темекіні қайшымен қырқып, үштен бір бөлігін ғана тартыңыз.
3. Ауырған кезде адам ағзасы темекіні іздемейтіндіктен, мұндай жағдайда мүлдем темекі тартпауға тырысыңыз.
4. Рамазан айында ораза ұстап, күндіз темекі шекпеуге дағдылана отырып, Рамазан біткенге дейін темекіден толықтай бас тартуға болады.
5. Темекіні қойып жүргеніңізде, оны іздей бастасаңыз, ауызыңызға кәмпит немесе құрт сияқты тәтті, ащыларды салып, соны ермек етіңіз.
6. Темекіні тастаған соң, денсаулығыңызды арнайы күтімге алыңыз: жеміс-жидектер мен көкөністері мол тамақты дұрыс пайдаланыңыз, дене еңбегімен көбірек айналысыңыз.
7. Темекіні тастаған алғашқы мезгілде темекі тартпайтын дос-жаранмен көбірек араласуға, темекі тартатын таныстарыңыздан бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз.
Темекіні тастаған адамның артықшылығы
Темекіні тартпайтын адамның темекі тартатын адам- нан мынандай бес артықшылығы бар:
1. Темекі тартпау – салауатты өмір салтының нышаны. Сіздің ағзаңыздың түрлі сырқаттардан қорғану қасиеті күшті.
2. Темекіге кететін қаржы үнемделеді. Ол басқа пайдалы мақсатқа жұмсалады.
3. Темекі тартпайтын адам қоршаған ортасын, айналасын ластап уламайды.
4. Темекі тартпайтын адам қашанда әдемі, мәдениетті көрінеді. Денедегі темекінің сасық иісінен арылады.
Темекіні тастағаннан кейін
20 минуттан соң жүрек соғысы реттеледі, дене температурасы темекі тартпайтындармен теңеседі.
8 сағаттан соң қандағы оттегінің 95 пайызы тазарады.
24 сағаттан соң жүрек талмасының қауіпі азаяды, сау адамның жағдайына жақындайды.
2 күннен кейін дәм мен иіс сезу қалыпты жағдайға көшеді.
3 күннен кейін тыныс алу жақсарады.
3 айдан соң өкпе 30 пайызға артық (жақсы) жұмыс істейді.
1 жылдан соң жүрек ауруының қаупі 50 пайызға азаяды.
10 жылдан соң өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі тартпаған адамдікімен теңеседі.
15 жылдан соң жүрек пен қан қысымы темекі тартпаған адамның қан қысымы секілді қалыпты жағдайға түседі.

Нұрбек Қайырмұхаммед
http://muslim.kz
Пікір 2