» » Үндістанда су тасқынынан 70-ке жуық адам көз жұмды

Үндістанда су тасқынынан 70-ке жуық адам көз жұмды

Үндістанда су тасқынынан 70-ке жуық адам көз жұмды

Үндістанның Керала штатында толассыз жауын соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласып, салдарынан 70-ке жуық адам көз жұмды. Аймақта жүздеген тұрғын үй мен нысандар зақымданған. Бұл туралы жергілікті «Хиндустан Таймс» газеті хабарлады. Рейтер агенттігінің мәлімдеуінше, апат болған елді мекендерде электр жарығы мен ауызсу жоқ. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіріп жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, жергілікті әуежайлар жұмысы тоқтатылды. Ал синоптиктердің алдағы күндерге болжамы көңіл көншітпейді. Өткен аптада басталған муссондық жауын-шашын әлі бірнеше күн бойы жалғаспақ. Айта кету керек, мамандар бұл табиғи апатты соңғы 100 жыл ішіндегі ең қауіптісіне балады.


24.kz

16 тамыз 2018 ж. 835 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 674

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31