» » Түркияда АҚШ елшілігіне оқ атылды

Түркияда АҚШ елшілігіне оқ атылды


Анкарада белгісіз адамдар көлік ішінен Америка елшілігіне оқ атты, зардап шегушілер жоқ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға таңғы 05.00 шамасында болған. Ататүрік желекжолына келген ақ түсті жеңіл көліктен елшілікке 4-5 рет оқ атылған. Оқ дипломатиялық өкілдерді күзететін полицияның шағын нысанына тиген.

Оқ атылған жерге полиция жасағы келіп, тергеуді бастап кетті.

2016 жылы Түркия билігі америкалық пастор Эндрю Брансонды қамауға алғалы Вашингтон мен Анкара арасы "салқындап" кеткен. АҚШ Қаржы министрлігі «адам құқығын өрескел бұзды» деп Түркия Әділет министрлігінің басшысы Абдулахмита Гюл мен ІІМ-нің басшысы Сүлеймен Сойлға қарсы санкция салған, деп жазады Риа Новости.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қарулы шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан дипломат қайтыс болды. Ал Ресей президенті аталған лаңкестік жағдайды «Ресей-Түркия қарым-қатынасын тұрақтандыру іс-шараларын бұзуға бағытталған арандатушылық» деп бағалады және қызмет бабында көз жұмған саясаткерді мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Baq.kz

20 тамыз 2018 ж. 508 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031