» » Түркия АҚШ-пен сауда «соғысын» бастады

Түркия АҚШ-пен сауда «соғысын» бастады



Түркия америкалық бірнеше тауардың салығын ұлғайтты. Бұл туралы Reuters елдің T.C. Resmi Gazete ресми газетіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Түркия президенті Тайып Ердоған салықты жеңіл көлікке 120 процент, алкоголге 140 процент, темекі өнімдеріне 60 процент, косметикалық өнімдерге 60 процент жоғарылатты.
Түркияның вице-президенті Фуат Октай Twitter-інде ел мұндай қадамға АҚШ әкімшілігінің түрік экономикасына шабуыл жасағанынан кейін барғанын айтты.
Еске сала кетсек, 10 тамызда түрік лирасы 2001 жылы белгіленген тарихи минимумға жетті. Лираның курсы 18 процентке түсіп кетті. Түркия президенті ұлттық валютаны құтқару үшін азаматтардан доллар мен евроны сатуды өтінді.

Baq.kz
17 тамыз 2018 ж. 769 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031