» » Самурай өлімнен қорыққан емес

Самурай өлімнен қорыққан емес


Самурайлар – басшысына адал қызмет етіп, оны қорғауда, тіпті өзінің жанын құрбан ететін жапон сардарлары.

Олар жауынгерлік өнерді жетік меңгереді және оқыс оқиғадан сытылып шығу жолын жылдам таба алады. Өйткені, олардың әскери жаттығулары осы артықшылықтарды меңгеруге негізделген. Жапон самурайы мемлекеттік ақпараттар мен құпияларды Бусидо кодексі бойынша жасырын сақтауға міндетті. Бусидо кодексі – самурайдың тұрмысы мен атқаратын қызметіне дейін жазылған заңдар жинағы. Бұл заң бойынша, самурайдың жалғыз міндеті - өзінің қарызын өтеу. Осыған байланысты жауынгер өлім мен өмір таңдауында қалса, оның бұл жайлы ойлануына да құқы жоқ. Олардың түсініктерінде шайқаста мерт болу – өлімнің ең ұлысы. Орта ғасырдағы самурайдың күнделікті асынып жүретін қару-жарағы – 12 келі. Ауыр салмақты көтеріп жүру жауынгердің төзімділігін арттырып, әрдайым шынығып жүруіне сеп. Ал бірінші кезекте, қауіпсіздік үшін екені белгілі. 
Самурай барлық қару-жарағын асынғанда денеде бос орын қалмайды. Тек, тамақтың маңы, тізе, балтыр аймағына бес аспап орналастырылмайды. Сол себепті, самурайдың қарсыласы ұрыс кезінде аталған аумақты бірінші жарақаттауға тырысады. Самурайды ес біліп, бала 5-6 жасқа шыққан уақытта тәрбиелей бастайды. Осылайша, тәлімгердің көңілінен шықпайынша 15-16 жасқа дейін әскери жаттығуға машықтанып, нағыз самурай болудың барлық тәсілдерін үйренеді. Тәлімгердің тапсырмалары бойынша, жас самурай қылыштасуды, айбалта, найзамен шабуылдауды және қорғануды, мергендікпен садақ атуды және қоян қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін үйренеді. Самурайлар көбіне мемлекеттің құпия тапсырмаларын орындады.
Сонымен қатар, белгілі тұлғалардың жеке оққағары, қорғаушысы қызметін атқарды. Олар бекіністерді жаулап алу, жоспарлаған елді мекенді талқандау операцияларына да тартылды. Самурайлар ешқашан өлімнен қорыққан емес. Егер тұтқынға түсіп қалу қаупі төнсе, өз-өздеріне қол жұмсап ұрыста жан тәсілім ететін. Жауының ығына жығылмаған, сатқындықты мүлде ойламаған жауынгерлер елге, басшысына адал қызмет етуді барлық дүниеден артық қойды.

Massaget.kz

22 қаңтар 2018 ж. 1 362 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031