Жыл басынан бері 14 мыңға жуық табиғат қорғау заңын бұзу жағдайы анықталған
Республика бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, аң аулау, сондай-ақ аңшылық қаруын сақтау және алып жүру ережелерін сақтауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шаралар нәтижесі бойынша 2,3 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғасы анықталды.
"Осы бұзушылық фактілері бойынша 165 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 2119 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 43,4 млн теңгеге айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 160 текше метрден астам заңсыз дайындалған домалақ ағаш, 11,3 тонна балық, оның ішінде 2 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық, 248 құқық бұзу құралы, 3 мың метрге жуық ау, 67 бірлік аңшы мылтығы алынды" - дейді мамандар
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген зиян сомасы 5,3 млн теңгеден асады.
"Мысалы, Қызылорда облысының ІІД-і Қызыл кітапқа енгізілген 5 қарақұйрықты атқаны үшін үш жергілікті тұрғынды ұстады. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігіне сай (Заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл облысының ІІД БАӘ-нің төрт азаматын, олар Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынымен бірге Қызыл кітапқа енген 2 дуадақты және 2 бұлдырықты атқандары үшін ұстады" - дейді департамент мамандары.
Ал жыл басынан бері полиция 13,8 мыңға жуық (2016 жылы - 14 мың) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтады;
1800 жуық (1950) қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді;
12 мыңдай (12,1 мың) құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты;
87,5 млн теңге (81,2 млн теңге) айыппұл салынды;
Құқық бұзушылардан 200 тоннаға жуық (301,1 тонна) заңсыз ауланған балық, оның ішінде 7 тонна бекіре тұқымдас балық;
1100 текше метрден астам заңсыз дайындалған ағаш;
2679 құқық бұзу құралы (307 бірлік аңшылық атыс қару және 166 жүзу құралы) алынды.

Пікір 2