» » Елімізде автокөлікті тіркеу ережелері өзгерді

Елімізде автокөлікті тіркеу ережелері өзгерді


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, есепке алу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтар автокөлікті есептен шығару кезінде жаңа есепке алатын автокөлікке өзінің бұрынғы мемлекеттік нөмірлерін орнату үшін 2,8 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейтін. Одан бөлек арнайы ХҚКО және ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақтауда тұрған нөмірлер үшін де ақы төлейтінін тәжірбие көрсетіп отыр.
Осылайша, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сақтауға 11 мыңға жуық азамат өтініш береді және бұл оларды қайта орнату үшін 63 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік баж төлегенмен бірдей.

"30 жұмыс күніне дейін мемлекеттік нөмірлерді қайта орнату кезінде мемлекеттік баждарды (АЕК көлемінің жыл сайынғы өсуін ескергенде 2018 жылдан бастап 6 734 теңге көлемінде) төлеу қажеттілігін алып тастау мақсатында, Агенттік ұсынымдарының негізінде Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңалық осы жылдан бастап жүзеге аса бастады", - дейді агенттіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірдің 1 данасы жоғалған немесе жарамсыз болған кезде азаматтар оның телнұсқаларының комплектісі (2 данасы) үшін міндетті түрде мемлекеттік бажды төледі немесе автомашинаны қайта тіркеді.

"Мысалы, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқаларын дайындауға 1,9 мыңға жуық азамат 11 млн теңгеден астам соммаға өтініш беретінін көрсетті. Автокөлік иелері тарапынан қосымша шығыстар болмауы мақсатында және жаңа Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік нөмірдің 1 данасы үшін 6 734 теңге орнына 3 367 теңгеге дайындауға өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады", - дейді мамандар.

Рәсімдерді оңайландыру, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлықты жою Агенттік жұмысының басымдылығы екенін атап өту керек.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана депутат Омархан Өксікбаев көліктің мемлекеттік нөмірінің орнына иесінің есімін жазуды 
ұсынған болатын.
04 қаңтар 2018 ж. 1 386 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 09:17
Cephalexin Dose For Dog cialis Viagra 110 Mg

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 12:02
The Antibiotic Cephalexin viagra vs cialis Amoxicillin Antibiotics Weil

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031