Шотландияда адамдар лох-несстік құбыжықты қайтадан байқады
Шотландиялық Лох-Несс көлінен адамдар аңызға айналған құбыжықты байқады. Бұл туралы The Scottish Sun басылымы хабарлайды.
Құбыжықты байқағандардың қатарында бастауыш мектептің қызметкері 54 жастағы Линн Лок бар. Ол күйеуі және қызымен бірге Канададан Шотландияға демалуға келген. Әйелдің сөзіне сенсек, құбыжық Уркхарт қамалының қасында, 45 метрлік жерде жүзіп жүрді.“Мен Нессиге бұрын да сенгенмін. Сондықтан суда бірнәрсенің жүргенін көріп, қобалжып кеттім. Менің жанұям нессиге сенбейді. Бірақ мен оны байқаған соң, олар ойларын өзгертті”, — дейді әйел.
Лох-Несстік құбыжықты бақылайтын ресми тізілім Линн Локтың хабарламасын қабыл алды. Сол күні Нессиді Канаданың азаматшасы көрген соң, оны британдық Лидс қаласында орналасқан мектептің 12 жастағы оқушысы суретке түсіріп алды.
Несси бейнеленген суреттер құбыжықтың соңғы жылдардағы ең үздік суреттері деп аталды. Оқушы құбыжықты Уркхарт қамалынан 20 километрлік қашықтықта түсірген.
Источник: Stan.kz