» » Америкалық фастфуд жеп екі есе арықтаған

Америкалық фастфуд жеп екі есе арықтаған


Америкалық Энтони Браун екі жыл ішінде 88 келіге арықтаған, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Калифорния штатындағы Риверсайд қаласының тұрғыны таразы 170 келіні көрсетіп, сынып қалған соң арықтауды қолға алған. Сол кезде 34 жаста болған бағдарламашы сұлы , тауықтың төс еті және көкөністерден тұратын диетаға отырған. Алайда, бір ай өткен соң, ол мұндай тәртіпте тамақтануды жалғастыра алмайтынын түсініп, фастфудқа көшкен. Бірақ, күніне 2000 килокалорий ғана тұтынып, ағуызға бай тағамдарды жеуге тырысқан.

«Кейбір адамдарға 2000 ккал өз салмақтарын қалыпты ұстап тұру үшін жеткілікті. Ал менің салмағымның көп болғаны соншалық, мен бұл диетадан аптасына бір келі салмақ тастап отырдым», - дейді ол.

Аталған диетаға дейін Браун таңғы асқа үш бургер мен екі хашбраун жеп, бірнеше порция қытырлақ картоп және тәттіні тіскебасар еткен және 9-10 шақты газдалған сусын ішкен. Түскі асқа фри картоп және гамбургер, кешкі асқа пицца деген.

Кейіннен Браун арықтау барысында оның терісі босап, салбырап қалмас үшін залда жаттығулар жасап, тері күтіміне баса назар аударған. Ол жаттығуға бір сағатқа жуық уақыт бөліп отырған. Америкалық қазір белінің ауруынан арылып, өзіне деген сенімділігі және бойынша күш-қуаты пайда болғанын айтады. Оны ең қатты қуантатын жайт – достары Энтониді «үлкен жігіт» деп атауды доғарған.

Қазір Энтони басқаларға да өз әдісі арқылы арықтауға көмектесіп жүр. Ол ара-тұра құнары жоғары тамақтарды жейтінін мойындайды. Бірақ, мұндай күндері күні бойы бір кесе кофемен ғана шектелетін көрінеді.



Baq.kz


05 қыркүйек 2018 ж. 551 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031