Біз көбінесе кемшілікті жанымыздағы кісілерден іздейміз
Бір кісі əйелінің бұрынғыдай жақсы естімейтінін байқады. Уайымға салынып, бəлкім енді “оның құлағына арнайы аппарат құрылғысын тағу керек шығар,” деп ойлады. Ойлап – ойлап, дəрігердің құзырына жол алды. Не де болса арнайы маманмен кеңескен жақсы ғой. Оның шағымын тыңдаған дəрігер, бір сынақ тəсілін үйретті:
– Əйеліңізден қырық қадам алыста тұрасыз, сосын əдеттегідей орта дауыспен сөйлеп көресіз. Егер естімесе, қашықтықты отыз қадамға қысқартыңыз. Тағы да естімесе, жиырма қадам. Қысқасы, сізді естігенге дейін жақындай бересіз…
Ол дəрігердің айтқан сынақ тəсілін сол күні ақшам уақытында-ақ бастап жіберді. Əйелі асханада кешкі ас əзірлеп жүргенін көрген соң, қырық қадам кейін шегініп:
– Қымбаттым, бүгін кешкі асқа не əзірлеп жатырсың? – деді.
Жауап жоқ. Күйеуі қашықтықты отызға қысқартып, сауалын қайталады:
– Қымбаттым, бүгін кешкі асқа не дайындап жатырсың?
Тағы да жауап жоқ. Енді жиырма метр қашықтықта тұрып сұрап көрді:
– Қымбаттым деймін, бүгін кешкіге не пісіріп жатырсың?
… Ал керек болса! Тағы да жауап бермеді ғой. Күйеуі асхана есігінің жанына келіп, сұрағын жəне қайталады:
– Қымбаттым, кешкі асқа не пісіріп жатырсың?
Тоба – тоба! Не бəле, əйелім тас керең болғанба? – деп ойлады ол.
Бұл жолы əйелінің жанына өте жақын келді:
– Қымбаттым, бүгін кешкі асқа не пісіріп жатырсың?
Тап осы жолы əйелі жауап берді:
– Қымбатты отағасы! Бесінші рет қайталаймын: Бешбармақ əзірлеп жатырмын, бешбармақ!
Біз көбінесе кемшілікті жанымыздағы кісілерден іздейміз. Бəлкім айып өзімізде шығар…
http://elana.kz/