» » Кабулда болған жарылыстан 20 адам қаза тапты

Кабулда болған жарылыстан 20 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда болған 2 жарылыстан 20 адам қаза тауып, 70-і жараланды, деп хабарлайды BBC.com.



Бірінші жарылыстан клуб ішіндегі төрт адам қаза тапқан, осыдан кейін автокөліктегі екінші жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Осы жарылыстан «Толо» жаңалықтар арнасының екі журналисті қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды. Жарылыстар қала шииттерінің мұсылман ауданында болды. «Толо» компаниясының басшысы Лотфилла Нажафизада Twitter-дегі парақшасында «бұл қайғылы оқиға арнамыздың ең білікті журналистерінен айырды» деп жазды. Шабуылды әлі ешқандай топ мойнына алған жоқ, алайда «Ислам мемлекеті» террорлық тобы Дашт-е-Барчи ауданында осындай шабуылдарды жасаған болатын. Айта кетейік, қаза тапқан журналистердің бірі журналист Саид Самим Фарамарз Қазақстанда білім алған. Қазақ тілімен қатар, әлемнің 7 тілін жетік меңгерген. Осыдан үш жыл бұрын Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Оқуды бітірген соң, еліне барып, қызмет істеді.


egemen.kz

06 қыркүйек 2018 ж. 1 192 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930