» » Кемеровадағы өрттен 41 бала қаза тапты

Кемеровадағы өрттен 41 бала қаза тапты


Кемеровадағы “Зимняя вишня”  сауда орталығында болған  өрттен 41 бала қаза тапты. Мұндай мәлімет қайғылы оқиға құрбандары туыстарының штаб-пәтеріндегі тізімде көрсетілген. Тізімде өрттен қаза тапқан 64 құрбанның тегі жазылған. 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, BBC-ге сілтеме жасап.
Айта кетейік, өрт 25 наурыз, жексенбі күні орын алды. Әзірге қаза тапқандардың 64-інің есімі белгілі болды.
Жергілікті тұрғындар аталған санға күмән келтіреді. Олар қайтыс болғандардың саны әлдеқайды көп, дейді.
Сейсенбі күні таңертең Кемерова мэрі Илья Середюк тұрғындар арасында мәйітхана мен өртенген ғимаратты қарайтын топ құруды ұсынды.
“Егер ресми сандарға сенбесеңіздер, қане, топ құрып, мәйітханаларды бірге қарайық. Егер өртенген ғимаратты көргілеріңіз келсе, топ құрыңыздар”, – деді қала басшысы.
27 наурызда марұмдардың туыстарынан құрылған топ қаланың мәйітханасына барып қаза тапқандардың ресми деректерін анықтады.
“Біз тізімдегі 64 адамды мәйітханадан қарадық. Онда 20-ға жуық ересек адам, қалғандары балалар. Денелер жасырылмаған. Барлық жерді қарап шықтық. Кейбір мәйіттер қорапқа салынған”, – дейді топ мүшесі.


http://stan.kz
27 наурыз 2018 ж. 1 094 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031