» » Жұлдыз жорамал: 18 қыркүйек

Жұлдыз жорамал: 18 қыркүйек



Балықтар
Бүгін көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Суқұйғыш
Бүгін қолыңыздан барлығы келетініне көзіңіз жеткізесіз. Сүйіктіңізді қатты ренжітесіз,бірақ кешке бəрі қалпына келеді.Ал жалғыз жүрген жандар достарымен жиі кездесуге барғандары жөн. 

Тауешкі
Бүгін еңбегіңіздің жемісін жейсіз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз спортпен айналысуға да, жақсылап көңіл көтеруге де жетеді. Алайда, күдікті іспен шұғылданудың қажеті жоқ. Себебі, нар тәуекелге барамын деп қолыңыздағы бақыт құсын ұшырып алуыңыз мүмкін. Бүгін сіз үшін сәтті күн болмақ.

Мерген
Мақсатына жетпесе тынбайтын жанға айналуға тырысыңыз. Арманыңыздың орындалатындығына өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз. Қателіктеріңізді анализдеп, алға қадам басыңыз. Дәл қазір өзгелердің де мақсатын жүзеге асыруға көмектесе аласыз. Махаббат сезімінің тәртіпке бағына қоймайтындығын ескеріңіз. Қандай жағдай болмасын, көңіл күйіңіз түспесін. 

Сарышаян
Көпшіліктің көзайымына айналғыңыз келсе, жұмбақ жан болып көрінуге тырысыңыз. Шығармашылықпен айналысуға уақыт тауып, философиялық кітаптар оқыңыз. Өзіңіздің түйсігіңізге сеніп, ешкіммен ренжіспеңіз.

Таразы
Көңіл көтеріңіз, қыдырыңыз, демалыңыз. Көрші қаланы аралауға аттаныңыз, көңіл қалаған жаққа барып келуге таптырмас күн. Жалған романтикаға алданып қалмаңыз. Бүгін жақсы таныстық үшін таптырмас күн. Əр таныстық өз несебімен келеді.

Бикеш
Салдары жаман болатындықтан, бүгін асығыс шешім мен ашуға бой алдырудан аулақ болған жөн. Жақын адамыңызға құпияны әзірге айтпаңыз. Өйткені, материалдық, рухани құндылықтарға байланысты көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Жаныңыз жаңа сезімге құмартуда.

Арыстан
Барлығы сіздің қолыңызда еместігін мойындайтын сәт келді. Өзге адамдардың пікіріне де құлақ асып, топпен жұмыс істеп жүргендігіңізді түсініңіз. Бүгін салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауада көп жүруіңізге тура келеді.

Шаян
Бір сәтке көзіңізді жұмып, жүрегіңіздің дүрсілін тыңдап көріңіз. Оны ести салысымен өмірдің ағынын, тіршіліктің қайнап жатқанын сезінесіз. Орындау мүмкіндігіңіз болмайтындықтан, ешкімге уәде бермеңіз. Әлін білмеген әлек болады демекші, атан түйеге өзі көтере алатын жүкті ғана артқан жөн. 

Егіздер
Күннің алғашқы бөлігінде басыңызға түрлі идея оралады. Мүмкіндіктердің көп болатындығы соншалық, арасында таңдау жасауыңызға тура келеді. Сол кезде жақын адамыңыздың пікіріне құлақ асыңыз. 

Торпақ
Осы күн ішінде белсенділікті төмендеткен жөн. Өйткені, асығамын деп қателік жіберуіңіз мүмкін. Болашаққа жоспар құру барысында бірнеше нұсқаны қатар қоюды ұмытпаңыз. Мақсатыңызды өзгертетін жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Қиял әлемімен қош айтысып, шынайы өмір сүруді жөн көресіз.

Тоқты
Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы тұста жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. 

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
http://reactor.inform.kz
18 қыркүйек 2018 ж. 1 340 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930