» » Орталық Азия елдері діни мерекені бір күнге белгілеуді ұсынды

Орталық Азия елдері діни мерекені бір күнге белгілеуді ұсынды

Енді ораза мен құрбан айт бір күнде тойлануы мүмкін. 



Орталық азия елдерінің мүфтилері орталық меморандум қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап. Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады.

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан қажы Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода қатысты.

Қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (ораза, құрбан айт) бір күнге белгілеу, ортаазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару, т.б. бағыттар бойынша ықпалдасып қызмет ету көзделген. Мүфтилер осы бағыттар бойынша өзара ықпалдасып қызмет етуге уағдаласты.


ERNUR.KZ

20 қыркүйек 2018 ж. 827 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930