» » Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады

Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады


Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталатынын хабарлаған еді.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы мәлімдемесіне сәйкес, Рамазан айының уақыты астрономялық есептеулер мен шариғи үкімдерге негізделе отырып қойылады.
Бұған себеп жаңа айдың көрінуі. “Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы” жаңа ай көрінуіне байланысты ораза уақытын бір күнге шегерді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер”, – деген.
Егер шағбан айының 29-күні жаңа ай көрінсе, мұсылман қауым келесі күні ораза ұстайды. Көрінбеген жағдайда бір күн кешіктіреді. Ғылыми деректерге сәйкес, биыл жаңа ай 16 мамырда көрінеді. Соған сәйкес, биылғы ораза 17 мамырда басталады.
ҚМДБ сайты әр өңірге арналған ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын жариялады.


http://stan.kz
14 мамыр 2018 ж. 988 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031