» » Техастық әжейдің кегі жұртты абдыратты

Техастық әжейдің кегі жұртты абдыратты



Техастың егде жастағы тұрғыны жоғалып кеткен пониі үшін өш алу мақсатында қолтырауынды ұстап алып, атып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Houston Chronicle сайтына сілтеме жасап.

Мамыр айында Ливингстон қаласының мэрі болып тағайындалған Джуд Кокхранның айтуынша, үш жыл бұрын мал қыстағынан оның пониі жоғалып кеткен. Жануарының денесін таба алмаған әйел пониді жергілікті көлдерде жүретін аллигатор сүйреп әкетті деген тұжырымға келген. Джуд үш жыл бойы мал қыстағының жанындағы аллигаторларды аңдыған. Алайда, барлығы кішкентай болған екен. Жақында ол ұзындығы үш метрлі қолтырауынды байқап қалып, оған тұзақ құрып, бір оқпен атып түсірген.
Қолтырауынның еті асқа, терісі аяқ-киімге, ал басын әйел өзінің жұмыс орнына іліп қоямын деп жоспарлап отыр екен.

https://kaz.tengrinews.kz



21 қыркүйек 2018 ж. 947 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930