» » Тұрғындар суға түсіп жүрген 13 жасар баланы қолтырауынның аузынан жұлып алды

Тұрғындар суға түсіп жүрген 13 жасар баланы қолтырауынның аузынан жұлып алды

ТұÑÒÑÐ½Ð´Ð°Ñ ÑÑÒа ÑÒ¯ÑÑп жүÑген 13 жаÑÐ°Ñ Ð±Ð°Ð»Ð°Ð½Ñ ÒолÑÑÑаÑÑннÑÒ£ аÑзÑнан жұлÑп алдÑ

Малайзияда 13 жастағы бала өзенге түсіп жүрген кезінде қолтырауынға жем бола жаздады.

Бұл туралы The Star басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға мемлекеттің шығыс бөлігіндегі Сандакан қаласының маңындаға ауылдардың бірінде орын алған. Арсил Алькамал досымен бірге үйінің маңындағы өзенге түсуге барады. Осы кезде аяқ астынан қолтырауын шабуылдап, баланы суға тартып әкетпек болған.
Өз кезегінде баланың досы айқайлап, көмек сұраған. Артынша оқиға орнына ауыл тұрғындары келіп, Алькамалды қолтырауынның аузынан суырып алып, жағаға шығарды. Ал ұзындығы 2,7 метр болатын қолтырауын су астына жүзіп кеткен.
Тұрғындар зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізді. Оның денесінде көптеген жарақат болған. Дәрігерлер Алькамалдың кеудесіне 15, арқасына 4, жамбасына 5 және тізесіне 2 тігіс салды.
«Оның жарасы терең әрі ауыр. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақталды», – дейді жергілікті шериф Азхар Хамин.
Жергілікті тұрғындар өзенде қолтырауындар бар екенін білген. Алайда олар осы күнге дейін тұрғындарға шабуылдамапты.
Оқиға орнына аңшылар шақырылып, олар қауіпті қолтырауындарды ұстау үшін тұзақ орнатты.


Stan.kz




13 қыркүйек 2018 ж. 1 108 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031