» » Астанада суға кетіп көз жұмған төрт бүлдіршіннің екеуі бір отбасының балалары болып шықты

Астанада суға кетіп көз жұмған төрт бүлдіршіннің екеуі бір отбасының балалары болып шықты


Оқыс оқиға Астана маңындағы «Пригородный» ауылында болды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Марқұм болған 4 баланың екеуі ағайынды болып шықты.
“Өте асығыс болды. Қолдарында 200 теңгесі бар екен, «апай, тезірек беріңізші» деп менен балмұздақ алды. Оларды жақсы білем, менен ылғи балмұздақ алып тұрады. Бірақ, өзенге бара жатқандарын қайдан білейін. Түнімен жабылып іздедік”, – дейді дүкен сатушысы Фатима.
Балалар дүкеннен балмұздақ алып, бірден суға шомылуға бет алады.
Ауыл тұрғындарының айтынша, бала біткеннің бәрі жаз шықса, арықтағы суға түсуге әуес. Олар көпірден суға секіріп ойнайды. Төрт баланың денесі көпірдің тұсынан табылған.
Суға бес бала батып кеткен. Оның бірін сол маңда жүргендер көріп құтқарып қалған. Тұрғындардың көмегімен аман қалып ауруханада жатқан бүлдіршін де марқұм балалардың туған туған бауыры екен.
“Біреуін құтқарып алғанбыз, мен оны өз көзіммен көргем. Бір ағай ол баланы көтеріп әкелген. Сосын оның жүрегінен бір ағай басып, кейін ішінен басқан. Сосын ол демалып, ауруханаға әкеткен”, – дейді куәгер Қуандық Құдайбердиев.
26 маусым 2018 ж. 896 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930