Қазақстанда бір тәулікте үш адам суға кетті 14 маусым күні Қазақстанда рұқсат етілмеген жерде шомылған 3 адам суға кетіп, мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.Белгілі болып отырғандай, үш оқиғаның екеуі рұқсат етілмеген жерде суға түсудің салдарынан болса, үшінші жағдай балық аулап жүрген кезде орын алған.«Жамбыл облысының Шу ауданы Қонаев ауылында түсуге тыйым салынған суару каналына 1968 жылғы азамат батып кеткен. Сондай-ақ Атырау облысының Индер ауданы Индер кентіндегі Орал өзенінде 2000 жылы туған бала суға кетті», - деп атап өтті Р.Иманқұлов.Сонымен қатар, 14 маусым күні Қызылорда облысының Қазалы қаласындағы «Оң жаға» каналында балық аулап жүрген жерінде 1989 жылғы азамат көз жұмған.ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті 11 маусымдағы жағдай бойынша 35 адамның суға кеткенін, олардың 15-і балалар екенін хабарлады.Комитет демалыс басталғандықтан, ата-аналарға балаларына ерекше назар аударуды сұрайды. Оқиғалар 15 маусым 2018 ж. 888 0