» » «КӨРЕР ЖАРЫҒЫ БАР»

«КӨРЕР ЖАРЫҒЫ БАР»


Күн жылынып, көше бойлап арыққа аяқ су келе бастаған кез. Зәуреш әжейдің қорасындағы терең қазылған арық суға лық толы. Есік алдында ойнап жүрген Алуа мен Кәусәр көзді ала бере сылдырап аққан суды қызық көріп, арық басына баруға құмар.

Бір күні үйдегі өзге жандар жұмыстарына кетіп, Зәуреш әжей екі немересімен үйде қалады. Жасы келген кісі қашанғы баланың соңында жүрсін? Бір сәт үйге кіріп-шықсам деген оймен немерелеріне есік алдынан кетпеңдер деп ескертіп кетеді. Үйдің ішінде біраз кідіріп қалған әжесіне екі-үш жасар Алуа келіп былдырлап бірдеңелерді түсіндіргендей болады. Әдепкіде мән бермеген Зәуреш әжейдің есіне жасқа енді толған Кәусәр түсіп, апыл-ғұпыл далаға қарай жүгіреді. Есік алдында Кәусәр жоқ. Атын атап, айқайлап шақырғанмен баланы таба алмайды. Біз мезетте арық ойына оралып сонда барса су бетінде ес-түссіз қалқып бара жатқан немересін көреді. Жанұшыра баланы көтеріп алады. Баланың денесі, бет-аузы ісініп кеткен. Дем алмай жатыр екен. Әрі-бері қимылдатса да көмектеспейді. Зәуреш әжей «немеремнен айырылып қалдым» деп еңіреп жылап жібереді. Оның дауысын естіген көршілері келеді. Бәрі абдырап қалған. Сол кезде Пернекүл апа баланы алдына алып, аяқ-қолын қозғап, қолдан дем бере бастайды. Бір жасқа енді толған баланы «өлді» деуге қимаған болуы керек. Әйтеуір, жалғыз өзі жанталасып алғашқы көмек көрсетеді.
Осылайша, бір жарым сағат уақыт өткенде бала жылап жібереді де, денесіне жан бітіп, қимылдап белгі береді. Кәусәрдің қимылдағанын көріп әжесі дереу өз-өзіне келіп, шүкіршілік айтады. Немересімен қайта қауышқан Зәуреш әже Пернекүл апаның табандылығына қайран қалып, алғысын айтады. «Көрер жарығы бар екен» деген осындайда айтылса керек.
Бүгінде сол Кәусәр екі жасқа келіп, әжесінің көзайымына айналып отыр.


Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.
02 ақпан 2018 ж. 1 394 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031