» » Алматы облысында аударылған автобуста болған жолаушылар апаттың қалай болғанын айтты

Алматы облысында аударылған автобуста болған жолаушылар апаттың қалай болғанын айтты



Алматы облысындағы Ащыбұлақ пен Батыр ауылы аралығының тасжолында аударылған автобус жолаушылары оқиға жайлы айтып берді, деп хабарлады КТК арнасының сайты.

Апаттан 29 адам зардап шекті. 5 жолаушының ми шайқалған. Оның екеуі жас бала.
“Мен сол жағында отырдым. Кенет автобус аударылды. Есімді білем. Бірақ тұра алмадым. Адамдар абыр-сабыр шығып жатыр. Жүргізуші қолымнан тартып шығарды”, – дейді  зардап шегуші Ардақ Құсманова.
Көлік апатынан зардап шеккен жүкті келіншек Әйгерім Әліпова қазір емделіп жатыр.
“Ең бірінші баламды ойладым. Ол қатты жарақат алмаған. Түсік тастауға қауіп бар дейді. Анализдердің қорытындысынан кейін белгілі болады”, – дейді ол.
Оқыс оқиға салдарынан жарақат алған 5 адам емделіп жатыр.
“Барлығының жағдайы қалыпты. Ересектерден үш адам реанимацияда жатыр. Он баланың 8-і үйлеріне жіберілді. Екеуі ауруханада бас жарақатымен жатыр”, – дейді Іле аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Гүлзия Омарханова.
Жолаушылар тасжолдың тарлығынан мұнда жол апатының көп болатынын айтып жатыр. Тұрғындар осы апаттан соң жергілікті билік жолды жөндейді деп үміттенеді.


Stan.kz


23 тамыз 2018 ж. 830 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031